[:kz]
Ел дәрігерлері жаппай екпе егуге көшкенде шымкенттік ақ халаттылар көшенің батпағымен күресе бастаған. Әлеуметтік желіге тараған бейнежазбада Шымкент қаласына қарасты емхананың қызметкерлері көшеге тас төсеп, адамдардың батпаққа түспей өтуіне жағдай жасап, әлек боп жүргені бейнеленген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.
Шымкенттегі № 9 емханаға қарасты Жаңаталап елдімекеніндегі бөлімше қызметкерлері тас төсеп, жол аяқ салып жатқаны түсірілген видео халықтың қызу талқысына түсті. . Дәрігерлерге жүктелген қосымша міндеттің түріне сырт көз ғана емес, өздері де таңырқайтын тәрізді.
«Ана кірген кәрі кісілер де сөйлеп жатыр. «Не деген батпақ?» деп барлығы сөйлеп жатыр. Бізге жөндемейсіңдер ме дейді. Санитаркалар тас тасып жүр», — дейді емхана қызметкері.
Бұл жер шынымен де батпаққа әбден батқанын қала тұрғындары да айтады.
«Өздері кіріп шыға алмай жатыр ғой. Көріп жатырмыз ғой, оның бәрін», — дейдіШымкент қаласының тұрғыны Сәрсен Мейірбеков.
Маңайдағы тұрғындар су құбырын тартпақ болған компания жерді қазғанын айтады. Кейін дұрыс көмбеген. Ал емхана қызметкерлеріне мұндай бұйрықты кім бергені белгісіз.
Кейіннен әкімдік арнаның түсірілім тобы келді дегенді естіп, емхана алдын ретке келтірдік деп хабарлапты.
[:]