АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Шымкентте лас бөлмеде суши әзірлеген орталық анықталды[:]

[:kz]

Шымкентте суши әзірлеп, оны жеткізумен айналысатын мекеменің ішіндегі антисанитария мен талап-ережелердің сақталмағандығы түсрілген видео әлеуметтік желілерде тарап кетті. Тағамға тапсырыс берген тұтынушылар оның балғын еместігін сезіп қойған. Ал өздерін шағымдарын жеткізбекші болып, сушидің дайындайтын орталыққа келгенде олар суши әзірленетін ас үйді көріп шошып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

Шымкенттегі танымал суши жасап, сатумен айналысатын дәмхананың ас үйі түсірілген видео әлеуметтік желі пайдаланушыраның жағасын ұстатты. Ас үйдің астан-кестені шығып, барлық жерде лас ыдыстар байқалады. Қызметкерлер балықтар мен күрішті бояу шелектеріне ішіне қалай болса солай сала салған. Бұл бейнежазба тауар сапасы мен қауіпсіздігін қадағалау департаментінің мамандарына көрсетілген. Десек те олар бұл жазбаның дәмхананы тексерілуіне жетерлік айғақ бола алмайтындығын алға тартыпты. 

«Егер айтылған нысанға қатысты азаматтар шағымданбаса біз ол жерге тексеріс ұйымдастыра алмайыз. Ол үшін арызданған азамат өзінің көрген-білгенін жазып, не болмаса уланып қалған жағдайда ем қабылдау орталығынан айтқанын дәлелдейтін қағаз әкеп тапсыру қажет», — деді Шымкент қаласының тауар сапасы мен қауіпсіздігін қадағалау департаменті жетекшісінің орынбасары Алмат Қосалиев. 

Қарапайым суши әзірлеуге пайдаланылатын негізгі тағам балық өнімі болып табылады. Көп жағдайда сушиге балық өнімі шикі күйінде қосылады. Жапонияда суши жаңа ұсталған балықтың етінен әзірленеді екен. Ал Қазақстанға балық мұздатылған күйінде жеткізіледі. Ал балық еті мұздатудан сапалы өткенін, не өтпегенін суши сүйер қауым біле бермейді. 

Егер балық дұрыс мұздатылмай немесе тасымалдау қызметі дұрыс атқарылмаса, мұндай өнім ауру тудыратын бактериялардың, ішек таяқшалары мен құрттардың мекен ортасына айналады. Ал улану симптомдары жарты сағаттан кейін пайда бола бастайды. 

«Егер дер кезінде ауруханаған көрінбесе, онда адамның ағзасында су ыдырай бастайды. Өз кезегінде бұл жағдай қан-тамырлар және зәр шығару жүйесі қызметінің бұзылуына алып келеді. Ал бұның арты өлімге соғуы әбден мүмкін», — дейді  Шымкент қаласының инфекциялық ауруханасының бас дәрігері Баян Рыстаева. 

Мамандар тексерістен өткен, сенімді дәмханалардан ғана суши тағамына тапсырыс жасауға кеңес береді. Бұған қоса олар тағамның бұл түрін аптасына тек екі рет жеуді ескертті. Сушиді келесі күнге тауыспай қалдырып, сақтаған да зиян көрінеді. Ал балық түрлерінен әзірленетін осындай асқа бірге берілетін «Васаби» соусы бактерияларға қарсы жақсы антисептик болып табылады. 

[:]