[:kz]
Шымкентте үш жасар бала ойнап жүріп аулада тұрған кір жуғыш машинаға түсіп кетіп, қайта шыға алмай қалған деп хабарлайды қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
![Фото: NUR.KZ Фото: NUR.KZ](https://netstorage-nur.akamaized.net/images/1c3bc95269deef66_w.png?imwidth=900)
Фото: NUR.KZ
Қыркүйектің 16 күні сағат кешкі 18.55-те Асар-2 шағынауданының тұрғыны ТЖД құтқару қызметіне хабарласып, 2016 жылы туған ұлының екі аяғын кір жуғыш машинадан шығара алмай жатқанын айтқан.
Оқиға орнына сағат 19:30 шамасында жеткен құтқарушылар темірді кесетін қайшыларды қолданып баланы шығарып алған.
Үш жасар баланы кір жуғыш машинаның барабанынан шығарып алуға төрт құтқарушы жұмылдырылған.
Құтқарушылар қазір баланың жағдайы жақсы екенін айтты.
[:]