АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]“Шымкенттегі мәдениетті жемқорлық. 74 миллион теңге негізсіз аударылған” Айгүл Орынбек[:]

[:kz]

Заңгер Айгүл Орынбек өзінің инстаграм әлеуметтік парақшасында, соңғы уақыттағы жанжалға айналған мәселеге қатысты жазба жариялады.

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

“ШЫМКЕНТТЕГІ МӘДЕНИЕТТІ ЖЕМҚОРЛЫҚ!

Мәдениет басқармасының биыл Наурыз және басқа да іс-шараларына заң талаптарына қайшы, бір көзден 618 млн. теңге мемлекеттік сатып алулар өткізілген, оның ішінде, 239 млн.теңге жыл басынан сәуір айына дейін заңсыз бөлініп қойған.
Ал 74 млн. теңге МҮЛДЕМ НЕГІЗСІЗ аударылып, заңсыз игерілгені туралы аудитпен анықталған.
Аудиторлық тексеру нәтижесінде анықталған басқа да заң бұзушылықтар бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігіне жолданды.

Пандемия кезінде, ауру өршіп, көп кәсіп тоқтап, халық арасында әлеуметтік наразылық ушығып тұрғанда, миллиондаған қаржыға той тойлауға бөліп, одан сайын халықтың ашуын үдете түсті.
Әйтпесе Президентіміз “Қаржыны оңды солды жұмсап , ұлан ғасыр той жасайтын уақыт емес. Тиімсіз іс шаралар өткізудің қажеті жоқ”- деп қадап айтқан.
Миллиодаған қаражат қаламыздың өзекті мәселелеріне бөлінсе жарасады. Мысалы қаланың қақ ортасында құрт су ішіп отырған халыққа таза су кіргізіп берсек болмас па еді?!
Мемлекеттің қаржысын сыбайласып , талан таражға салып негізсіз игеретіндердің жазасын беретін уақыт жетті!
Шыңғыс Мұқан мырза, Наурыз іс шарасын барынша қорғап едіңіз! “Креатив емессіңдер” деп сөгіп едіңіз, ал мына негізсіз аударылған миллиондарға кім жауап береді?
Ханзада Азимханқызы, еден жуатын жасы келген апаларымызды жұмыстан шығарып 52 мың теңге беруге қиналып жатыр едіңіз, ал өзіңіз миллиондарды негізсіз аударып жібергенсіз бе?

Халықтан енді ештеңе жасыру мүмкін емес!
Ашықтық деген осы!

 

Жемқорлыққа қарсы агенттік төрағасы Марат Мұратұлы Ахметжанов мырза бұл істі өз бақылауыңызға алып, нәтиже көрсететіңізге сенемін!

Осы істі өз бақылауына алған Еліміздің Бас Прокуроры Ғизат Нұрдаулетов мырзаға алғыс айтамын!” — деп жазба жариялады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Айгүл Орынбек (@aigul__orynbek)

 
 

 

[:]