АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Шымкенттік кардиохирургтар 38 жастағы азаматтың жүрегіндегі тесікті қапшықпен жамап берді[:]

[:kz]

Мегаполис дәрігерлері пациентке күрделі отаны үш сағат бойы жасаған.

Операцияны кардиохирругтар тумасынан жүрек ахауына шалдыққан азаматқа жасаған. Ота кезінде мамандар ер кісінің жүрегінде пайда болған тесікті бітеу үшін жүрегінің сыртындағы қапшықтан жамау жасаған. Кейін пациенттің ағзасындағы қапшықтан жасалған жамауды жүрегіндегі тесікке бітеген.

«Отаның ерекшелігі сол қабырға арасынан 4 пен 5-ші қабырға аралықта кішкентай ғана кесіммен 3-4 см эндовидеоторакоскопиялық құрылымның көмегімен іске асады. Бұл әдістің басқа операцияларға қарағанда артықшылығы ота жасалған науқастар үшінші, төртінші күні үйіне шығарылады және реабилитация мерзімі өте қысқа болады. Тағы бір айта кететін жайт, косметикалық тұрғыдан әсіресе жас әйелдерге және балдарға ыңғайлы, операциядан кейінгі тыртық білімбейді»,-дейді Шымкент қалалық кардиологиялық орталықтың директоры Ермағанбет Қуатбаев.

Айта кетейік, Шымкенттік дәрігерлер мұндай операцияны алғаш рет жасап, жақсы нәтижеге қол жеткізді. Күрделі операцияны жасау үшін мегаполис дәрігерлері шет елден немесе өзге қаладан білікті маман шақыртпай-ақ өз біліктіліктері арқасында сәтті жүзеге асырған.

Операцияның басым бөлігі -эндовидеоторакоскопиялық құрылығының көмегімен іске асқан. Бұл аппарат 2018 жылы жергілікті бюджет есебінен алыныпты.

Қазіргі таңда әлемдік кардиохирургиялық тенденция осы әдіске көшуде. Осылайша мегаполис дәрігерлері жүрекке жасалатын операцияны өзгеше жолмен жасауды қолға ала бастады.

elitar.kz

[:]