АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Шыңғысхан — қазақтың ханы! Олар оттай бермесін…[:]

[:kz]

genghiskhan-donatoҚазақтың қазіргі рулары: Найман, Жалайыр, Қоңырат, Керей, Төлеңгіт, Меркіт, Қият — кезінде Шыңғысханды хан көтерген рулардың нақ өзі екенін дәлелдеген қазақ журналистері мен жазушыларына үлкен алғыс айтуымыз керек.

Бұл — дәлелденген нәрсе. Ұлы қолбасшы — Шыңғысхан заманындағы Жалайырлар мен Наймандар, Қоңырат пен Керей — қазіргі біз білетін қазақтың рулары. Тарихтың түрлі кезеңінде қазақтың бұл рулары Шыңғысханға дос та болды, жау да болды.

Оған таң қалуға болмайды, орта ғасырлық Ұлы далада да саясат болған, бүгінгі достың ертең жауға айналуы да оңай болған. Алысқа бармай-ақ, Шыңғысханның сенімді досы болған жалайырлардың көсемі Жамұқаның кейіннен беріспес жауға айналғанын мысал етіңіз.

Иә, басына қалпақ кигізіп, қолына портфель ұстатсаңыз, орта ғасырда Шыңғысханмен бірге жорыққа шыққан найман жауынгерінің қазіргі найман Әзімбай Ғалидан пәлендей айырмашылығы жоқ.

Қазақтың тарихын айтқанда, күні кешегі тарихымызды да ұмытуға болмайды.

Патшалық дәуір мен кеңестік кезеңде қазақтың шын тарихы айтылмай келді. Қазақты кемсіту, жуасыту, бағындыру мен мәңгүрт ету үшін қазақ халқының шынайы тарихы түрлендірілді, қазақтың ата-бабасының тарихтағы ерліктері ұмытылып кетуі үшін күш салынды.

Бұл қитұрқы тірлік қасақана жасалды, қазақты бағынышты мәңгүрт ету үшін бұл саясат мемлекеттік деңгейде жүргізілді. Рас қой? Рас! Өйткені оларға қазақтың құл болғаны керек болды.

Уақыт өте қырық өтіріктен құрылған тарихтың сырты қалыңдай берді, қабат-қабат өтірікті қазып, шындықты шығару барған сайын қиындасын деген олар.

Жалған тарихтың күзетшісі болып күні қазірге дейін Қазақстанда бүтін институттар мен мектептер тұр. Ондағы ғылым докторлары мен академиктер кезінде Түркінің тарихын түрлендіру арқылы диссертацияларын қорғаған.

Иә, олар тарихи өтіріктен де пайда көрген екен: атақ-дәреже, биік мәртебе алды, мұндай академиктер өте жоғары жалақы алған.

Өтіріктен соғылған қалың дуалды бұзу оңайға соқпайды.

Бірақ қандай өтірік болса, өтіріктің құйрығы қанша тұтам екенін білеміз: егер тырыссақ — бар шындық әлі ашылады. Қазақтың ұлы басшысы — Шыңғысханның тарихына қатысты жоғарыдағы жайт осыны көрсетеді емес пе?

Алтын Орда

ON 11-JUN-08, AT 5:02 PM, BARNARD, LINDA WROTE: <> <> <> MONGOL LINDA BARNARD MOVIES EDITOR THE TORONTO STAR 416-869-4290  On 11-jun-08, at 5:02 pm, barnard, linda wrote: <> <> <> mongol linda barnard movies editor the toronto star 416-869-4290

[:]