АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Шыңғысханның ұрпағы»: Моңғолдар неге коронавирус жұқтырған жоқ[:]

[:kz]

Ұлан-Баторда тұратын орыс тілі пәні оқытушысы Розалия Антонова Моңғолияда коронавирус жұқтырғандар неге аз екенін және елде аурумен күресте қандай алдын алу шаралары қабылданып жатқанын айтып берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ моңғолиялық келіншектің Facebook парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Көрнекі фото: Live.journal

Көрнекі фото: Live.journal

Моңғолия астанасында адамдар үш ай бойы карантинде өмір сүріп жатыр. Балабақшалар мен мектептер (үйден оқиды) жабық, қалаға кіріп-шығуға тыйым салынады. Шектеу 30 сәуірге дейін жұмыс істейді. Жазба авторының сөзінше, моңғолдар заңға құлақ асып, әлеуметтік тұрғыдағы жауапкершілікті сезініп отыр.

«Көшеде, дүкендер мен мекемелерде барлығы маскамен жүр. Еш жерде маскасыз қызмет көрсетпейді. Үкімет, теледидардағы дикторлар, сатушылар — барлығы маскада. Бұл қандай нәтиже беріп отыр? Моңғолия Қытаймен көршілес ел болса да, әзірге Моңғолияда бірде-бір науқас жоқ. Коронавирус жұқтырған 10 адам тіркелді, бірақ олардың барлығы шетелден келген. Қазір науқастармен байланысқандарды қатаң бақылап, оқшаулап жатыр. Инфекциялық ауруханада ақ халаттылар науқастардың өмірі үшін күресуде. Қайтыс болғандар жоқ, көбі жазылып кетті. Моңғолия билігіне, дәрігерлер мен елорда тұрғындарына мың алғыс»,- деді ол.

 

Оқытушы карантиннің оң тұстарын да атап өтті.

1) «Әзірге жергілікті тұрғындар арасында коронавирус жұқтырғандар жоқ.

2) Науқас балалардың саны бірден қысқарды.

3) Халық иммунитетті көтеру үшін дұрыс әрі толыққанды тамақ ішуді үйренді.

4) Құқықтық және автожолдық тәртіпбұзушылықтар, қылмыстар азайды.

5) Халық қанында Шыңғысхан басқарған тұстан бері келе жатқан тәртіп, тұтастық пен бір-біріне қол ұшын беру қасиеттері бар. Бұл осы үш айда айқын көрініп, әлемді таң қалдырып отыр. Көптеген журналист пен ғалым жергілікті тұрғындардың неге ауырмайтынын зерттеуге келді.

6) Халық ақырында ешқашан көңілі толмаған өз үкіметі мен дәрігерлерінің еңбегін бағалады. Олардың күндіз-түні өз халқы үшін жұмыс істеп, арнайы рейстермен әуежайлары жабық елдерден өз азаматтарын әкеліп жатқанын, оларды қиын жағдайда тастамайтынын түсінді.

7) Үкімет дүкендегі азық-түлік бағасын қатаң қадағалап отыр.

8) Кез келген келеңсіз жағдай халықта әр түрлі реакция тудырады. Ал Моңғолияда карантин жанұяларды біріктірді. Ата-аналар мен балалар бірге көп уақытын өткізе бастады. Міне, менің негізгі байқағандарым осы»,- деп тәмамдады Антонова.

Оқытушы халыққа маска тағып жүруді, көп адаммен байланыспауды ұсынды.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 124-ке жетті.

 
 

[:]