[:kz]
Отандық эстрада жұлдызы Сиви Махмуди әріптесі Жанар Хамитованың жарыққа шықпаған әндерін халық назарына ұсынуды жөн көрген. Бұл туралы әншінің өзі Instagram парақшасында айтқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әншінің айтуынша, осы күнге дейін тілшілер хабарласып, Жанар жайлы сұхбат алғысы келген. Алайда Сиви әзірге марқұм әріптесі жайлы айту оңай емес екенін жеткізді.
«Маған Жанар жайлы әзірше өткен шақта айту қанша қиын екенін, түсінсе екен журналистер қауымы….», — деді ол.
Араға жылдар салып сахнаға оралған әншіні бауырына басып, өнерде қолдау білдірген Сиви марқұмның әндерін ендігі уақытта арнайы жинақ етіп шығармақ.
«Қалған ақпараттарды алдағы уақытта айтатын боламын! Әзірге Жанар екеуміз жасаған жұмыстарымыз бен әндерімізді естелік ретінде мұра қалу үшін салып отыратын боламын. Жанар екеуміздің осындай әніміз жарыққа шыққан болатын. Жанардың жарыққа шықпай қалған әндерін сіздерге күніне 1 әнінен салып тұрайын деп шештім. Жанардың қоржынында 10-ға жуық әндері бар, оның 5 әні ғана жарыққа шықты .Өзі өмірден өтсе де, сыңғырлаған ерекше даусымен өшпейтін із қалдырып кетті….
Ендігі ниетім-10 әннен естелік ретінде ән жинақ шығару (Жанардың шығатын 5 әні бүгінгі таңға дейінгі шықпаған себебі, 100% толықтай дайын болмаған еді. Сондықтан қатты сынамаңыздар, бар дүниені мұра ретінде қалдыру мақсатында шығарғалы отырмын!», — деп жазды Сиви.
[:]