[:kz]
Польшадағы Hilton қонақ үйіне орналасқан орыс әйел Харьковты украин әскерлерінің өздері бомбылап жатқанын айтып үгіт-насихат жасаған. |
Оның бұл сөздерін естіген қонақ үй қожайыны ресейлікті қуып жіберді. Аталған видеосы желіге тарап лезде кетті.
Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
«Міне, Польшада орыс әлемінен осылай құтылып жатырмыз. Мәдениет. Сондықтан Еуропа қабылдамайды. Тіпті Израиль мұндай адамдарды қабылдамайды. Сендерді осындай орыс әлемімен ешқандай ел қабылдамайды. Біз парасатты адамдарға көмектесеміз»- деді қонақ үй қожайыны.
Видеоны түсірген адамның айтуынша, күйеуі әлгі әйелді өз ақшасына консулдарға апарып, көмек көрсеткен. Қонақ үйге жатқызған. Жақсылықты түсінбеген орыс әйелі украин халқын қарғап-сілем, қонақ үйді шулатты.
Тіпті қонақ үй иесіне «Сен ауызыңды жабасын ба, жаппайсын ба, тышқан?»- деп жауап қайтарды.
«Мынадай адамнан Құдай сақтасын», «Сиыр сипағанды білмейді деген осы», «Дұрыс жасаған екен, жарайсыңдар. Жұмыстарын осылай істеу керек. Сол керек өзіне»- деп желі қолданушылар поляк халқына ризашылығын білдірді.
[:]