[:kz]
Нұр-Сұлтанда салынып жатқан ғимарат учаскесінің қожайынымын сиырға қатысты жағдай үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
«Мен осы оқиға болған салынып жатқан нысан учаскесінің бастығымын. Оқиға үшін қоғамнан кешірім сұрағым келеді. Ниетіміз таза еді — құрбандық щалып, кейіннен етті аз қамтамасыз етілгендерге тарату, бірақ… Оқиға үшін ел азаматтарынан тағы да кешірім сұраймын», — деді ер адам.
Полицейлер оқиға 15 ақпанда сағат 11.30-да Нәжімеденов көшесінде салынып жатқан үйдің соңғы қабатында болғанын мәлімдеді.
«Қызметкерлер инциденттің барлық қатысушыларын анықтады. Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады», — деп түсіндірді полицияда.
Еске салайық, Нұр-Сұлтанда жұмысшылар тірі сиырды кранмен үйдің төбесіне шығарғаны хабарланды.
[:]