АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Сізді жақсы көрем»: Қазақстандық ерлі-зайыпты журналиске әріптестері пранк жасады (видео)[:]

[:kz]

 

 

 

Қазақстандық ерлі-зайыпты журналист Әсем Изатқызы мен Ғалым Кәлмен алданып қалды. Оларға әріптестері пранк жасап, жасырын камераға түсіріп алды. 

Евразия бірінші арнасының «Қайырлы таң» бағдарламасының журналистері арнайы пранк жасады. 

 

Шұғыла есімді бойжеткен журналист Ғалым Кәлменмен суретке түсіп, оны жақсы көретінін айтты. Ал әйелі Әсем Изатқызынан Ғалым Кәлменнің телефон нөмірін сұрап алды. 

«Мен сізді ұнатамын. Журналистер хайп қуғанды жақсы көреді ғой. Сіз Әсем Изатқызын әйелім деп өтірік айтып жүрген шығарсыз. Рейтинг үшін жасап жүрген шығарсыздар. Мен сізді ұнатамын. Сізбен суретке түскім келеді», — деді божеткен Ғалым Кәлменге. 

Ғалым Кәлмен өзінің бойдақ емес екенін айтып ақталды. Бойжеткеннің есімін сұрап, қандай мамандықта оқып жатқанын сұрап, қызығушылық танытты. 

Ал бойжеткен Әсем Изатқызымен де суретке түсіп, одан Ғалым Кәлменнің телефон нөмірін сұрады. Әсем ханым Ғалымның жары екенін ескертіп, еш қарсылықсыз оның телефон нөмірін берді. 

Пранк ұйымдастырушылар оқиға у-шусыз аяқталғандықтан бұның әзіл екенін айтып, алғысын айтты. 

«Мен сізді жақсы көрем. Әйелім бар десем де мына қыз қояр емес. Әсемге тіпті сөзім жоқ. Әсем, сұраған қыздардың бәріне менің нөмірімді тарата бересің бе? Қарымта қайтарармын», — деп жазды Ғалым Кәлме желіде.

[:]