АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Смартфон іздесеңіз: 20 үздік гаджет белгілі болды[:]

[:kz]

Business Insider басылымы қазіргі уақытта сатылымда бар смартфондардың үздік 20 моделін атады.

Рейтинг көшін OnePlus 6T смартфоны бастады. Бұл гаджет соңғы заманауи ерекшеліктерден ада. Мысалы, сымсыз қуаттағыш және су өткізбейтін қасиет дегендей. Бірақ қымбат бағасы мен әдемі сырт пішіні оның рейтинг көшін бастауына ықпал етті.

Екінші орында Samsung компаниясының өнімі Galaxy S10e смартфоны орналасқан. Құрылғы ерекше экранымен, тамаша камерасымен және қолжетімді бағасымен ұтымды.

Apple компаниясының өнімі — iPhone XR үшінші орынға жайғасқан. Сарапшылардың пікірінше, алпауыт компанияның бұл моделі баға қолжетіділігімен ерекшеленеді екен.

Төртінші және бесінші орынды иеленген смартфондар — Samsung Galaxy «отбасынан» шыққан S10 Plus және S10 модельдері.

 

Алғашқы бестіктен бөлек үздік ондыққа келесі модельдер кірді: Google Pixel 3 және Pixel 3 XL, Samsung Galaxy Note 9, iPhone XS және iPhone XS Max, Samsung Galaxy S9 Plus, iPhone X.

Сонымен қатар, сарапшылар келесі ондықты да ең үздік смартфондар қатарына жатқызады: iPhone 8 Plus, Samsung Galaxy S9, Huawei Mate 20 Pro, iPhone 8, Razer Phone 2, LG V40, Apple iPhone 7 және 7 Plus, Moto G7, LG G8 және BlackBerry Key2.

Ұсынған: Әділет Мәдениет

«Қамшы» сілтейді

[:]