АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Солтүстік Қазақстан — қазақтың жері!»: Белсенділер Ресей елшілігінің қақпасына плакат ілді[:]

[:kz]

 

«Меніңше, жігіттер бұдан әрі барып, «Орынбор — қазақтың жері» деп сойып салуы керек еді…» 

Алматы қаласында белсенділер Ресей елшілігінің қақпасына «Солтүстік Қазақстан — қазақтың жері!» деген жазуы бар плакат ілді, деп хабарлады paryz.kz.

Бұл туралы өзінің facebook парақшасында журналист Бақытжан Бұқарбай жазды.

 «Ұзынқұлақ маған «Намыс» ұйымының жастары ресейлік депутат Вячеслав Никоновтың Қазақстанның Солтүстік аймағы жайлы айтқан жалған сөздеріне протест білдіріп, Ресей консулдығына «Солтүстік Қазақстан — қазақтың жері» деген плакат ілгенін жеткізді. Меніңше, жігіттер бұдан әрі барып, «Орынбор — қазақтың жері» деп сойып салуы керек еді. Сонда симметриялы жауап болушы еді. Не болса да, жарады. Жігіттерді полиция қызметкерлері ұстап алып кетіпті», — деп жазды журналист.

[:]