[:kz]
Түркияның Манавгат қаласына демалуға барған ресейлік әйел үш жұлдызды қонақ үйден бір шабадан тамақты ұрлап әкетпек болды. Ол, тіпті, су құйылған шөлмектерді де салып алыпты. Алайда оның қонақ үй қызметкерлері оның мұндай жолмен «баюына» кедергі келтірді.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Қонақ үй қызметкерлері әйелден шабадандарын ашып көрсетуін сұрапты. Алайда олардың бірі тамаққа толы болып шыққан. Әйел шабаданға судан бөлек, қонақ үй мейрамханасында әзірленген таңғы асқа арналған тағамдар, жемістерді салып алған.
Өз кезегінде қонақ үйдегілер мұндай жағдайдың алғаш рет болып отырмағанын жеткізді. Туристердің дені «бәрі қосылған» жүйесін дұрыс түсінбейді, дейді.
«Біздің қонақ үйге келген қонақтар қалағанынша ішіп-жей алады. Алайда тамақты сөмкелеп тасудың керегі не? Біз мұны түсінбейміз», — дейді қонақ үй әкімшісі.
Нәтижесінде ресейлік әйел шабаданға салып алған тағамдарын алып кете алмады. Қонақ үйдегілер де оны жазаламады.
Stan.kz
[:]