АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]»Сұмдық-ай, бұл қандай ырым тағы»: Желіде шикі етке қатысты видео жұртты шошытты [:]

[:kz]

 

Желіде тараған видеолардың бірінде келіннің үстіне дастархан жауып, малдың өкпесімен аластаған ырым халық арасында түсініспеушілік туғызды. 

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

«Бұл қандай ырым болды екен? Кім біледі?» деп сұрақ қойды оқырмандардың бірі.

«Бірінші рет көруім. Осы оралмандар көшіп келгелі неше түрлі ырымдар көбейіп кетті. Бұл ырымды да солар әкелген болар», «Сәлеметсіздер ме? Батыста ғой ырымның бәрі. Сол жақ, көрмеген ырым екен не болса ,да жаксылыққа жориық», «Ұлтабар емес пе? Ұл тапсын деген жабайы ырым ғой», «Астафираллаһ, не істеп жатыр…Аллаһқа серік қосу үлкен күнә бауырлар. Малдың өкпесі өзін қорғай алмағанда,сені қалай қорғайды.» деді енді бірі. 

«Бұл өкпемен қағу дерен ырым, бірақ бұлай істемеу керек, тірі адамның ешкашан бетін жаппайды, баланы киіммен тұғызып арқасынан қағу керек еді», деді білетіндер.

«Бесік сәбидің ұйықтайтын төсегі,үйі. Батыста ұйқың қапшықтай болсын деп бесікке қапшық жабады.Сосын оны үлкен көп құрсақ көтерген аналарымызға жасатады. Ұрпағы көп болсын деп. Сосын бесікке атша отырып отырған кісілерді қамшымен ұрып шығады. Онысы енді өкпе реніштері сәбиге аумасын дегені», деп жазды тағы бір оқырмандар. 

 

Видеоның қай өңірде түсірілгені белгісіз.

Көпшілік мұны батыс өңірде тараған десе, енді бірі қырғыздарда бар нәрсе дейді. Бірқатары мұндай тозығы жеткен ырым-тыйымнан арылатын кез келді десті. 

 

 

[:]