АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Сұмдық! Атырау облысында қасапшы жылқыларды бауыздамай, ұрып өлтіруде (ВИДЕО)[:]

[:kz]

«Ол жерге бөтен адамдарды кіргізбейді, мал соятындар – өзбектер. Малдың ащы даусына шыдай алмай, жасырын саңылау тауып, телефонға түсіріп алдым».

Кеше куәгердің түсірген әуесқой видеосы әлеуметтік желіде желдей есті. Онда Атырау облысы Махамбет ауданы Береке ауылында (Память Ильича) орналасқан мал сою орнындағы жылқылардың азапталып, яғни, харам жолмен өлтірілгені түсірілген, деп хабарлайды Atr.kz.ға сілтеме жасаған  Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Біз осы адал ас ішіп жүрміз бе?! Бірде біз Береке ауылына барғанда мал соятын орында сорақы көріністің кездойсоқ куәгері болдық. Ол жерге бөтен адамдарды кіргізбейді, мал соятындар – өзбектер. Малдың ащы даусына шыдай алмай, жасырын саңылау тауып, телефонға түсіріп алдым. «Ас – адамның арқауы», «ауру – астан» деген сөз бар қазақта. Адамның тәрбиесі де, денсаулығы да астан екені белгілі.

Қасиетті Құранда да қан-жын, шошқа еті, өлексе, Алла атынсыз сойылған мал харам делінген. Жолда алып келе жатқан мал өліп қалса да тапсырып жібереді. Аурудың, жамандықтың алдын алайық, ағайын, шара қолданайық!» — дейді куәгер.

 

[:]