АЛТЫНОРДА
Шоу бизнес жаңалықтары

[:kz]SuperStarKz финалисі «Түркия дауысы» байқауында тәлімгерлерді таңғалдырды [:]

[:kz]

 

Мария Думан «Түркия дауысы» байқауына қатысып, тәлімгерлерді таңғалдырды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Көрмей тыңдау кезінде Мариям мексикалық әнші Джульета Венегастың Me Voy әнін орындады. Талқылаудан кейін ол Түркиядағы танымал әнші Мұрат Бозудың командасын таңдады.

«Бұған жету үшін ұзақ дайындалдым, ұмтылдым. Қатты уайымдадым. Өмір маған кез келген нәтижені қабылдауды үйретті. Армандар орындалады. Бірақ бұл мен үшін басы ғана», — деді әнші.

 

Мария Думан Superstar KZ телевизиялық жобасының төртінші маусымында финалистердің ондығында өнер көрсетіп, танымал болды. Содан кейін X-Factor жобасының жартылай финалына қатысушысы болды. Жобаларға қатысқаннан кейін телебағдарламаларда жүргізуші болып, бірнеше отандық телехикаяларда да ойнаған. Ол «Қара шаңырақ», «Қыздар», «Шырмауық», «Көршілер» секілді телехикаялар мен фильмдерде басты рөлді сомдаған. Қазір Стамбулда тұрып, жеке кәсіппен айналысады.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары Аяна мен Диана Тайбековалар да осы жобаға қатысқан. Қыздар әнші Jessie J-Price Tag әнін орындады. Тәлімгерлер қазақстандықтарға бұрылды.

[:]