[:kz]
Оның құранға ұқсас кітапты ашып қойып, әйелдің жалаңаш денесіне жазу жазғанын байқауға болады.
Әйелді шешіндіріп «емдеген» молда жұрттың ашуына тиді. Бейнекөріністі Тортуыл Шоқан есімді оқырман өз парақшасына жүктеген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Видеода белгісіз бір молда алдына келген әйелді «емдеп» жатқанға ұқсайды. Оның құранға ұқсас кітапты ашып қойып, әйелдің жалаңаш денесіне жазу жазғанын байқауға болады. Бұны көрген көпшілік «молданың айтқанын да, істегенін де істеме» деп жазуда. Бейнекөріністің қайда және қашан түсірілгені белгісіз.
«Масқара! Әуреттің бәрін жауып, тазаланып болып оқитын сүрелерді әурет жерлерді ашып қойып, жазып бергені несі?!», «Адасушылық, исламға дым қатысы жоқ нәрсе», «Осындай ақымақ, ұястыз әйелдер де бар» деп жазды оқырмандар.
Видеоның толық нұсқасы мына сілтемеде https://www.facebook.com/nurjansemsk/videos/3491135820929879
[:]