[:kz]
«Такси» фильмінің актері Сами Насери ұлы ақын Абайдың өлеңін жатқа оқыды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы видео әлеуметтік желіде тарап кетті.
Насери Абай өлеңдерін оқу эстафетасын Франицядағы Қазақстан елшісі Мұрагер Сауранбаевтан алғанын айта кеткен.
«Менің атым Сами Насери. Мен француз актерімін. Досым Мұрагерден жолдауын алдым. Сондай-ақ, жолдауымды ары қарай танымал боксшы Геннадий Головкинге тапсырамын», – дейді актер.
Ол Абайдың «Сағаттың шықылдағы емес ермек» өлеңін француз тілінде оқыған.
[:]