[:kz]
38 жастағы Шолпан Шайзанова 24 мамырда Талдықорғанда үйінен шығып, күні бүгінге дейін оралмаған. Еріктілер, құтқарушылар мен полиция қызметкерлері 12 күннен бері іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Көксу ауданы Балпық би ауылының такси жүргізушілері оны бір-екі күн бұрын көргенін айтқан.
Шолпан Шайзанованы іздеуге бүкіл кезекші қызметтер мен көптеген ерікті жұмылдырылғанымен, әзірге нәтиже жоқ.
Ол ашық көк жейде, спорттық шалбар киген. Бойы 160 сантиметр, дене бітімі орташа, 1984 жылы туған.
Шолпан Шайзанованың туыстары оның қайда екені туралы білетіндерден 8 705 770 04 38 нөміріне хабарласуын сұрайды. Әйелді табуға мүмкіндік беретін ақпаратқа 300 000 теңге сыйақы уәде етілген.
[:]