АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:ru]Талдықорғанда оқушыға қол көтерген мұғалім өз еркімен жұмыстан кеткен[:kz]Талдықорғанда оқушыға қол көтерген мұғалім өз еркімен жұмыстан кеткен(Видео )[:en]Талдықорғанда оқушыға қол көтерген мұғалім өз еркімен жұмыстан кеткен[:]

[:kz]

Оқиға 11 сәуір күні қаладағы №6 мектепте болған.

Әлеуметтік желіде тараған видеода мектеп мұғалімі мен оқушы бір-біріне дауыс көтеріп, тіпті қол жұмсауға дейін барады.

Жанжалға оқушының сабаққа боянып келуі себеп болған. Сыныптың жетекшісі әрі ағылшын тілі пәні мұғалімі оған ескерту жасайды, ал оқушы қыз ұстазына бейәдеп сөзбен жауап берген.

«Ағылшын пәні мұғалімі мен 8-сынып оқушысы арасында болған жағдайдан кейін әдеп жөніндегі кеңес өтті. Оған оқушының анасы шақырылды. Кеңес барысында тараптар татуласып, бір-біріне ешқандай кінә артпайтынын айтты» , — деп хабарлады Алматы облыстық Білім басқармасы.

Осы оқиғадан кейін мұғалімнің өз еркімен жұмыстан кеткені анықталды.

Білім басқармасының мәліметінше, «ұстаз арызында ақпан айынан бері денсаулығының нашарлап жүргенін» көрсеткен.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Qazaqstan.tv Ұлттық телеарнасы (@qazaqstantv)

Ақпарат qazaqstantv инстаграм парақшасынан алынды 

 

[:]