АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Талдықорғанда үйден екі ересектің мәйіті табылып, балалар ес-түссіз күйде ауруханаға жеткізілді [:]

[:kz]

 

Талдықорғанда жекеменшік үйлердің бірінен 60 жастағы әйел мен 35 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Ал екі бала ес-түссіз күйде ауруханаға жеткізілді.

Өлім себебі әлі анықталған жоқ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желіде пайда болды.

Кадрлардан Абай көшесінің бойындағы жекеменшік үй маңында тұрған жедел жәрдем көлігі, полиция мен құтқару қызметінің көлігі байқалады.

Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті аталған фактіге қатысты пікір білдірді. Ведомство үйді қарау кезінде газдан улану белгілері байқалмағанын хабарлады. «Абай көшесіндегі жергілікті тұрғын үйде 1960 жылы туған әйел мен 1985 жылы туған ер адамның мәйіті табылғаны туралы ақпарат төтенше жағдайлар департаментіне күндізгі сағат 11:43- те келіп түсті. 

Үйден 2008 және 2013 жылы туған екі кәмелет жасқа толмаған балалар табылды . Балалар ауыр халде Талдықорған емдеу мекемесіне жеткізілді. Қазір ересектердің өлімі себебі анықталып жатыр. Факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қарау барысында газдан улану белгілері байқалған жоқ, пеш жұмыс істеп тұр.

Туыстарының сөзінше, түтін мұржасы екі күн бұрын ғана тазаланған, оқиға орнында криминалистер мен өрт зертханасы мамандары жұмыс істеп жатыр», — деді өңірлік ТЖД баспасөз қызметінде. Ведомство сондай-ақ, жекеменшік үйде өрт қауіпсіздігі желісі бойынша профилактикалық шара 2020 жылдың қазан айында өткізілгенін мәлімдеді.

kaz.nur.kz

 

[:]