АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Тәліптер Мәскеуге келіп, министр Лавровпен кездесті[:]

[:kz]

28 мамырда Мәскеуде Ресейде террористік деп танылған «Талибан» қозғалысының қатысуымен Ауғанстандағы жағдайды бейбіт реттеу жөніндегі келіссөздің үшінші кезеңі өтті.

14 адамнан тұратын «Талибан» делегациясын молда Барадар Ахунд бастап келді. Келіссөзге екінші тарап ретінде ауған ақсақалдары мен қатарына елдің бұрынғы президенті Хамид Карзай бар бірнеше саясаткер қатысты. Тәліптер Ауғанстан билігінің өкілдерімен тікелей келіссөзге қарсы болғандықтан, жиынға Кабулдан ешкім болған жоқ.

Кездесуге Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров қатысты. Ол Ауғанстаннан шетелдік әскерді толық шығаруға шақырды.

Тәліптердің сұрап отырғаны да сол. 28 мамырда қозғалыс өкілі Катарда өтіп жатқан Вашингтонмен келіссөзде АҚШ күштерінің Ауғанстаннан ықтимал шығуының датасы талқыланып жатқанын хабарлады.

«Талибан» делегациясының өкілі Мәскеуде Лавровпен жеке кездескендерін, басқа да шенеуніктермен кездесу жоспарда барын айтты. Олар Мәскеуге осымен үшінші рет келіп отыр. Бұған Ресейде дейін тыйым салынған ұйым өкілдері Мәскеуге биыл ақпанда және былтыр қарашада келген.

«Талибан» мен үкімет әскері арасындағы қақтығыс 18 жылдан бері жалғасып келеді. Тәліптер қазір Ауғанстан аумағының жартысын бақылауда ұстап отыр. Әлем елдерінің басым бөлігі «Талибанды» террорлық ұйым деп таныған.

azattyq.org

[:]