[:kz]
Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Айтпақшы, жаңа кешкі аста тамақтың иісін сезгенде, өзім жақсы көретін томат шырынының дәмін сезгенде жылап жібердім ғой.
Не ішіп, не жеп отырғаныңды білу, астың дәмін, тіпті біз «суда дәм жоқ» дейтін құдайдың қара суының өзінің қандай ТӘТТІ, ДӘМДІ екенін сезіп-білудің өзі — ҮЛКЕЕЕЕН БАҚЫТ, ҚҰДАЙДЫҢ БІЗГЕ БЕРГЕН НЫҒМЕТІ екен ғой….
Өмір деген — қас-қағымдық сәт қана», — деп жазды ол.
[:]