[:kz]
Желіде Janym Baklajanym атымен танылған блогер Айдын Тоқсанбаева алғаш рет күйеуімен не үшін ажырасқанын айтты. Ол бүгінде өзі тәрбиелеп отырған үш ұлдың біреуін ғана күйеуінен туғанын мәлім етті, деп жазады Stan.kz.
“@abdusamatuly -нан туған жалғыз бала Асылжан. Әміржан мен Батыржанның оған еш қатысы жоқ. Саяжанның туғандары, ағайындары, достары мен дұшпандарының назарына. Біздін бірге болмай қалған себебімізге балалардын еш қатысы жоқ. Сондықтан “қабылдамаймын” деген қатігездік оның тарапынан болмады”, – дейді Айдын.
Қайырымдылықпен айналысатын блогердің айтуынша, екеуінің айырылысуына әйелдің тарапынан кеткен қателік себеп болған.
“Арамызға түскен шайтан өзімнің қателігімнен. Кетіп қала бердім. Есімді жиған кезімде тым кеш болды. “Балам” деп сезіне алмай, әйелі қип етсе, себепсіз кетіп қала бергенінен көңілі қалып, бірге болудан түбегейлі бас тартты. Өкінемін әрине, кейде Алла тағалаға мың қырық сұрақ қоямын “не үшін мені жазалайсын? Қашан, қандай күнә жасап үлгердім” деп, бірақ үш бірдей көтенчиктарыммен ұйықтай алмай жүріп, бір жымиғандарын көргенде шүкір деп айтамын. Болар іс болды. Қаншалықты қиын болса да, әйтеуір еш реніш жоқ.
Жарты жылдан соң әкесін көрген Асылжан біраз жатырқады. Болашақта олар араласа ма, жоқ па білмеймін. Бірақ екеумізге бірге болу жазбаса, баламызды екі ортада жүргізіп қинау керек емес деп шештім. Енді біз, Саяжанның болашағына кедергі жасамай, өмірінде мүлдем болмағандай жоқ болып кетуге тырысамыз. Басына әкелген қиындықтарым үшін кешірім сұраймын.
Осы жазбаммен қалған екі құлыншағым жайлы көп сұрақтар туындайтын шығар, бірақ ешкімге ештене жауап бермеймін. Ол екеуі Асылжан екеуміздің жалғыз қалмауымыз үшін пешенемізге жазған бақыт. Оқырмандарымнан осы уақытқа дейін барлығын жасыруға тырыстым, себебі екеуміз қосылып бәрі дұрыс болып кетер деген үміт болған… Бірақ енді тек құжат бойынша ажырасу ғана қалды… Саяжан, кешір мені. Елге қараған бетін, мен үшін жерге қарады. Білемін, ешқашан мені кінәләмайсың, бірақ мүмкіндік беріп кешіре де алмадың.
Бүкіл Шаңышқылы әулетінен кешірім сұраймын. Сенің қандай керемет жан екенінді, айрылысқанымызға қанша уақыт болса да әлі күнге дейін үміт үзбей келгенімнен-ақ түсінетін шығар. Сендей жаннан дүниеге бала әкелгеніме Аллаға мың алғыс, қадіріңді түсінетін жан кездессін деп тіледім”, – дейді Janym Baklajanym.
stan.kz
[:]