[:kz]
Тараз қаласының тұрғыны Жәмилә Бүркітбаева Қалаулым бағдарламасының тікелей эфиріне хабарласып, жүргізуші Аша Матайды күйеуі Арманның көзінше сынап, кемшілігін бетіне басты,-деп жазды Stan.kz тілшісі.
Тікелей эфирге Тараз қаласынан қоңырау шалған көрермен әнші Аша мен Арманның отбасына бақыт тілей отырып, Ашаның кемшілігін барша қазақстандықтардың алдында жайып салды.
«Сіздердің отбасыларыңызға зор бақыт тілеймін. Өте әдемі жұпсыздар. Бірақ Аша ханым, сізге айтарым кішкене дұрыстап қимылдап, әдемі билеуді үйреніп алсаңыз жақсы болар еді. Қимылдарыңыз тым ерсі көрінеді. Арман, сіз жақсы билейсіз ғой, жарыңызға әдемі билеуді үйретсеңіз»,-деп айтып салды Жәмилә есімді Тараз тұрғыны.
Мұндай сынды күтпеген Аша тікелей эфирде қызарып, аздап қобалжып, ұялғанын білдіріп қойды.
«Әрине, әрине сіздердің сындарыңыз маңызды. Арман, енді биді үйретесің маған (күліп). Негізі бала күнімнен көптеген би үйірмелеріне қатыстым. Негізінен хип-хоп стилінде жақсы билеймін. Бірақ, мына бағдарламаға ол биім үйлеспейтін сияқты. Сондықтан, басқаша билеуді үйренуге кірісемін»,-деп жауап берді Аша Матай.
Ал Бағдарламаға қатысып отырған Арман болса өз тыңдарманына әйеліне би үйретуге уәдесін берді.
stan.kz
[:]