АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Тараздық Хатико: Мүгедектер арбасына таңылған адамның иті қазақстандықтарды таң қалдырды[:]

[:kz]

Таразда Хатиконың ізбасары табылды. Мүгедектер арбасында отырған иесін басымен итеріп, көмектесетін итті солай атап кетті. Иттің адамға деген сөзсіз сүйіспеншілігі туралы бейнелер ешкімді бей-жай қалдырмады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «КТК» арнасына сілтеме жасап.

81 жастағы зейнеткер Анатолий Дербенев қала көшелерімен жиі жүреді. Оның арбасын әрдайым Магнус атты ерекше лақап аты бар ит итеріп жүреді. Ол иесінен бірелі алыстамайды және өзгелерге назар аудармайды. Айтпақшы, ақылды ит әлі бір жасқа толмаған, оны базардан сатып алған, және ол арнайы жаттығудан өтпеген көрінеді. Итінен басқа, апаттан кейін 50 жылға жуық мүгедектер арбасына таңылған зейнеткерде ешкім жоқ. Ол үйінде газдың болмағанына және арбасы сынып қалудың алдында тұрғанына қарамастан ештеңеге шағымданбайды. Оның итімен ерекше байланысы бар дейді.

 

«Мен ақынмын, ал ақындар бейнелі түрде ойлайды, түсінесіз бе. Енді ғалымдар иттердің де ойлай алатындығын, тек қиялмен ойлайтындығын дәлелдеуде. Сондықтан, біз онымен бір деңгейде ойлаймыз. Ол мені 7 айынан бері итеріп келеді, тек ол не бағдаршамды, не тежегішті білмейді. Жылдамдап келіп, кез-келген жерге итереді», — дейді Анатолий Дербенов.

[:]