АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Тарихи Отанымда өмір сүруге мүмкіндік беріңіздерші»: Сайрагүл Сауытбай Елбасыдан көмек сұрады[:]

[:kz]

«Тарихи Отанымда өмір сүруге мүмкіндік беріңіздерші». Осылай деген этникалық қазақ Сайраүл Сауытбай Президент Нұрсұлтан Назарбаевтан көмек сұрап, видеоүндеу жолдады. Видеоны белгілі тележурналист Сәуле Әбілдаханқызы өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында бөлісті.

«Мен үшін аса қымбатты болған қара ормандай әз халқым! Елдігі мен егемендігі біте қайнасқан қазақ елі, тағдыры тағы да сынға түскен Сайрагүл Сауытбайдан жалынды сәлем! Тағдыры екінші рет сынға түскен бүгінгідей қиын сәттерде халқымның бір ниет, бір мақсатпен мені тағы да қолдап-қуаттаулары менің өшкелі тұрған үміт отымды қайта наздатты. Тек бір пайыз үміт болады, мен жүз пайыз күресуге дайынмын. Халқымның қолдауы маған рухани күш сыйлады», – деп сөз бастаған ол бүгінге дейін жанында болғандарға алғысын білдірді.

Сайрагүл Сауытбай тарихи Отанында қалу үшін күресін тоқтатпайтынын айтып, босқын мәртебесін алуды аңсайтынын жеткізді.

«Құрметті Елбасы және барлық құзырлы органдар, қоғам қайраткерлері! Мен секілді балапандарын сағынып әрең жеткен, өз еліне пана іздеп келген бір ананың қасіретті күйінішін ет жүректеріңізбен түсініп, халқымның үмітін ақтап, тарихи Отанымда екінші рет өмір сүретін мүмкіндік берулеріңізді, балапандарымнан айырмауларыңызды сұраймын», – деді Сайрагүл Сауытбай.

 

Еске сала кетейік, Сайрагүл Сауытбай мамыр айының ортасында Қорғас кеден бекетін заңсыз бұзып өтті деген айыппен тұтқындалған болатын. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 392-бабы 1-бөлігі бойынша қасақана қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 6 айға бас бостандығынан шартты жаза кесуге шешім шығарылды.

 

 
sn.kz
 

[:]