АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

«ТАРИХЫ ТАҒЫЛЫМ – ӨТКЕНГЕ ТАҒЗЫМ»

скачанные файлы (3)Қазақстан халқы Ассамблеясы 2015 жылғы 29-30 мамырда Батыс Қазақстан облысында Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған жыл сайынғы «Тарихи тағылым – өткенге тағзым» — «Память во имя будущего» жобасының аясында  «Шерлі шежіре аманаты» Халықаралық форумын өткізеді.

29 мамырда ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен Орал қаласында ресми іс-шаралар кешені басталады:

— сағат 09:00-да қалалық мәдениет және демалыс саябағында «Қазақ халқына мың алғыс» монументінің жанында «Еске алу акциясы»;

— сағат 11:30-де  Қазақ драма театрының ғимаратында «Мәңгілік Ел» — ұлттық тарих пен тарихи зердедегі құбылыс ретінде» деген тақырыпта халықаралық ғылыми-практикалық конференция;

Конференцияның пленарлық отырысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіқалықова, ҚХА Төрағасының орынбасары — Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов, ТМД, АҚШ, Оңтүстік Корея, Чехия елдерінен келген сарапшылар, ҚР мемлекеттік органдарының өкілдері, тарихшы ғалымдар сөз сөйлейді.

Конференция модераторы Батыс Қазақстан облысының әкімі – Н.А.Ноғаев.

БАҚ өкілдеріне арналған брифинг сағ.16:35-те БҚО әкімі аппаратының ғимаратында (2 қабат, «Үлкен зал») өтеді.

30 мамырда іс-шаралар Сырым ауданының Жымпиты селосында («Алаш» саябағы) жалғасады, сағат 12:15-те  «Алаш мұратынан – «Мәңгілік Ел» белесіне» атты еске алу акциясы болады, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған«ҚХА: 20 ізгі іс» қайырымдылық акциясы;депортациялар, саяси қуғын-сүргін құрбандары мен Ұлы Отан соғысы ардагерлерін еске алуға арналған ас; «Әйел денсаулығы – Ұлт денсаулығы» әлеуметтік  консультациялары; жастарға арналған «Құрмет. Түсіністік. Келісім» әлеуметтік тренингі; аудан халқымен «Қоғамдық келісім және ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбында  кездесу;  «Теңдессіз сый» — «Дар бесценный» акциясы өткізіледі.

 pic_1358290321

* * *

Іс-шаралар бағдарламасы

 

Уақыты Өткізілетін жері Іс-шара
2015 жылғы 29 мамыр (жұма)
09.00 -10.00 Орал қаласының мәдениет және демалыс саябағы «Қазақ халқына мың алғыс» ризашылық монументі алаңында  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықованың қатысуымен Еске алу акциясы    
10.00 -11.00 Орал қаласының орта-арнаулы оқу орындарының базасында ЖОО-ның профессор-оқытушылар құрамы, музейлер, мұрағаттар, кітапхана қызметкерлері, кәсіпорындар өкілдерінің, студент жастардың қатысуымен өткізілетін Уроки истории: «Память скорбит, а жизнь продолжается … тарих сабақтары. «Қатал тағдыр налытса да, «өмірөзен» мәңгілік…»  
10.00 -10.45 Орал қаласындағы «М.Мәметова атындағы мемориалдық музей» ММ Жобаға қатысушылардың Орал қаласының жастарымен кездесуі 
11.30-13.10 Қазақ драма театры «Мәңгілік Ел» — ұлттық тарих пен тарихи зердедегі құбылыс ретінде» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның пленарлық отырысы 
13.10-13.30 БҚО әкімі аппаратының ғимараты

(2 қабат, «Үлкен зал»)

 БАҚ өкілдеріне арналған брифинг
14.30-16.00 М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің аудиториялары Секциялық отырыстардың жұмысы

1-секция: «Алаш құндылықтары қазақ мемлекеттілігінің мәнмәтінінде»

2-секция: «Мәңгілік халық жадында…»

3-секция: «Тарихтың қайғылы беттері …»

16.00-16.30 М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, акт залы Халықаралық конференцияның қорытындыларын шығару 

Қарар қабылдау және Әлем қауымдастығына үндеу қабылдау 

16.30-16.40 М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, акт залы «Теңдессіз сый»«Дар бесценный» акциясы

Тарих туралы және ҚХА-ның түйінді жобалары туралы кітаптарды сыйға тарту. 

17.00-17.50 А. Островский атындағы орыс драма театры Қазақ ұлттық өнер университеті ұжымының «Аманат» музыкалық композициясының премьерасы 
18.00-20.00 Облыс әкімі атынан «Тағдырларды біріктірген Қазақстан…» атты еске алу кеші
2015 жылғы  30 мамыр (сенбі)
09.00-09.40 Жеңіс алаңы

Орал қаласы (Стелла)

Ұлы Отан соғысының батырларын еске алуға арналған  акция   
11.00-11.30 Орал-Жымпиты тас жолы Сырым Датұлы кесенесі Сырым Датұлы кесенесіне гүл шоқтарын қою
12.15-12.55  «Алаш» саябағы

Жымпиты селосы

«Алаш мұратынан «Мәңгілік Ел» белесіне» еске алу акуиясы
13.00-13.15 «Нұр-шуағы» балалар үйі

Жымпиты селосы

«ҚХА: 20 ізгі іс» жобасы шеңберінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қайырымдылық акциясы
13.20-14.30 Жымпиты селосы Депортациялар, саяси қуғын-сүргін құрбандары мен Ұлы Отан соғысы ардагерлерін еске алуға арналған ас
14.30-15.00  «Алаш» музейі

с. Жымпиты

«Өлкетану саяхаты»
14.30-15.30 Сырымаудандық «Нұр-Отан» ХДП ғимараты Жымпиты с. Аналар кеңесі мен аудан әйелдеріне арналған әлеуметтік  консультациялар: «Әйел денсаулығы – Ұлт денсаулығы»
14.30-15.30 Сырымаудандықмәдениет үйі

Жымпиты селосы

Жастарға арналған әлеуметтік тренинг «Құрмет. Түсіністік. Келісім»
15.15-16.45 Сырымаудандықәкімшілігінің конференц-залы Аудан халқымен кездесу: «Қоғамдық келісім және ұрпақтар сабақтастығы»  

«Теңдессіз сый» —  «Дар бесценный» акциясы

* * *

«Тарихи тағылым – өткенге тағзым» — «Память во имя будущего» жобасының мақсатыжалпыұлттық тарихи сананы қалыптастыру, ұлттық бірлікті нығайту, тарихи жадыны сақтауда және тарихи тәжірибені болашақ ұрпаққа беруде азаматтық қоғам мен мемлекетті біріктіру болып табылады. 

«Тарихи тағылым – өткенге тағзым» — «Память во имя будущего» халықаралық жобасының іс-шараларын ҚХА алғаш рет 2010 жылы  ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастығының мемлекетаралық қорының (ГЫМҚ) қолдауымен  Астане қаласында және «АЛЖИР» музей-мемориалдық кешенінде өткізген болатын.   

Іс-шаралар аясында кезінде депортацияланған және қуғын-сүргінге  түскендердің  12 мемлекеттен келген ұрпақтарын ҚР Президенті қабылдап, онда барша зардап шеккен халықтарды есте сақтауға аялай қарау туралы мәселелер талқыланды.  Тарих  ғылымының 300-ден астам отандық және шетелдік ғалымдары қатысқанТМД елдері тарихшыларының «Тарихтан — бүгінгі күнге» атты бірінші форумы сол кезде өтті. Форум қорытындысы бойынша Тарихи мұраны зерттеудің бірыңғай жолдарын әзірлеу жөніндегі Астана хартиясы қабылданды.

2011 жылы эстафетаны Қарағанды облысының Долинка поселкесінде күрделі қайта жөндеуден кейін ашылған Саяси қуғын-сүргін музейі қабылдап алды.  Бұл іс-шара өткен ғасырдың 30-40 жылдарында кеңес билігінің мемлекеттік террор жүйесі қуғын-сүргінге салғандарға арналған  лагерьлердің ішіндегі ең ірілерінің бірі – КарЛАГ-тың құрылуына 80 жыл толуымен тұспа-тұс келді.

Жоба аясында ҚХА-ның қолдауымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамы Қазақстанға күштеп көшірілген халықтар туралы «Жерұйық» көркем фильмі түсірді (режиссер  С.Таукел,  сценарист  Л.Сон), премьерасы  31 мамырда Астана қаласында өтті.

ҚХА қолдауымен Астана қаласы арқылы Қарағанды қаласына «АЛЖИР — КАРЛАГ» атты еске алу автосапары ұйымдастырылды.   

2012 жылы «Тарихтан тағылым — өткенге тағзым» халықаралық жобасы 30-жылдардағы жаппай ашаршылықтың 80 жылдығы және халықтарды Қазақстанға күштеп көшірілудің басталғанына 75 жыл толуына арналды. Астана қаласында «Ашаршылыққұрбандарынаескерткіш» монументі ашылды.

Этномәдени бірлестіктердің бастамасымен халықтар күштеп көшіріп әкелінген жер – Алматы облысы Қаратал ауданының Бастөбе тауының етегінде, «Қазақ халқына мың алғыс» монументінің алғашқы тасы қаланды. 

 2013 жылыіс-шаралар Оңтүстік Қазақстан облысында «Қасірет» мемориалының алдында өтті; Саяси қуғын-сүргін құрбандарының облыстық музейінде «Қасіреттің күнәсіз құрбандарының сабағы» тақырыбында  саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтарымен кездесу болып өтті. Ж.Шанин атындағы облыстық драма театрында «Тарих тақсіреті»  музыкалық-драмалық   композициясы қойылды.

2014 жылы«Тарихтан тағылым — өткенге тағзым» халықаралық жобасы аясындағы іс-шаралар Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында өтті: «Тарихтан тағылым — өткенге тағзым» Халықаралық форумы, «АЛАШ феноменіне қазіргі заманға сәйкес көзқарас: тарих сабақтары және біріктіруші концептілер» атты ғылыми-практикалықконференция,митинг және «Есте сақтау үшін…»   акциясы өткізілді. 

 

* Жымпиты селосы – Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының әкімшілік орталығы. Бұл жерде 1918 жылы Алашорда үкіметінің Жаһанша Досмұхамедов, Халел Досмұхамедов, Дәулетше Кусябгалиев, Салық Омаров және басқалар басқарған Батыс бөлімшесі құрылған. Кейіннен олар сталиндік қуғын-сүргіннің құрбаны болып, атылып кеткен.

___________________________

Алтынорда-инфо