АЛТЫНОРДА
Шоу бизнес жаңалықтары

[:kz]«Тартып алмасын!»: Меруерт Түсіпбаева Шахизаданың жас жігітімен көзге түсті[:]

[:kz]

 

Елуден асқан Меруерттің бұл ерсі қылығын көпшілік жақтырта қоймаған секілді. Өйткені желідегі жазбалардың басым бөлігі жағымсыз.

Желіні шулатқан Шахизаданың жас жігітіне енді Түсіпбаеваның көзі түсе бастаған сияқты. Сауық-кештердің бірінде елуден асқан Меруерт әріптесінің ғашығына жымыңдап, ерсі қылық көрсеткен, деп хабарлайды Экспресс К.

Ғаламторда тараған видеоға көз жүгіртсек, ел арасында Шахизаданың «ғашығы» атанған әнші кезекті тойлардың бірінде ән салып тұрады. Сол мезетте жас жігіттің жанына Түсіпбаева билеп келіп, қылмыңдайды. Тіпті жігітке жақындап, бөксесін ары-бері бұлғаңдатады. Елуден асқан Меруерттің бұл ерсі қылығын көпшілік жақтырта қоймаған секілді. Өйткені желідегі жазбалардың басым бөлігі жағымсыз.

«Меруерт не істеп жүр? Ерсі екен. Осы кәрі әнші әйелдер ұлдарымен жасты жас жігіттерді көрсе ар-ұятты жоғалтып, естерін жоғалтып, өздеріне жігіт етіп ала салады», «Маймылға ұқсап не істеп жүр?», «Бұралуы жаман, Меруерт тартып алмасын», — дейді желі қолданушылары.

 
 

[:]