[:kz]
Қазақстанның Халық әртісі, актер, кинорежиссер Досхан Жолжақсыновтың 70 жас мерейтойына елімізге танымал өнер жұлдыздары мен бірге саясаткерлер де қатысты. Дүркіреген тойдың құрметті қонақтарының қатарында зейнеткерлік демалысқа шыққан Қазақстанның Ресейдегі бұрынғы елшісі Иманғали Тасмағамбетов, Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мен Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар бар деп жазады kznews.
Бірнеше айдан бері коронавирустық инфекцияның таралуы жөнінен «қызыл аймақта» тұрған Алматы қаласында өткен тойда Мақпал Жүнісова, Саят Медеуов, Алтынай Жорабаева, Қайрат Нұртас, fashion блогер Нұраш Жармұхамбетова, «Жігіттер» квартеті мен олардың продюсері Ерғали Әбдірайымов, тағы басқа әншілер мен актерлер шақырылыпты.
Той иесі Жолжақсыновтың әйелі Қарагөз Сүлейменованың Instagram-ға салған строистерінің оның (Қарагөз Сүлейменова) бірде Иманғали Тасмағамбетовпен вальс билеп жүргенін көруге болады. Кейінгі бір көріністе дәл осы Қарагөз Сүлейменова Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлимен үнді биін билеп жүр.
Еске сала кетейік Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің 17 қыркүйек күні шыққан соңғы қаулысына сай Ashyq жобасына қатысатын банкет залдарына елуден аспайтын орынға ресторан және кафе түрінде қызмет көрсетуге рұқсат берілген. Ал әлеуметтік жел қолданушылары кешегі тараған бейнероликтерге қарап 71-ке толған Жолжақсыновтың мерейтойына жиналғандардың саны 50-ден көп боулы мүмкін екенін жарыса жазып жатыр.
Ал ресми мәліметке сүйенсек өткен тәулікте дәл дүркіреп той өткен Алматыда 344 адам коронавирустық инфекция жұқтырыпты. Бұл республикадағы ең жоғары көрсеткіш.
[:]