АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz] Тәуекелдің енесі оны жер көкке сиғызбай мақтады .(ВИДЕО)[:]

[:kz]

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Тәуекел Мүсілімнің енесі алғаш рет сұхбат беріп, ол туралы өз ойын ақтарды. Махаббат Мүсілімнің анасы күйеу баласымен танысқан сәтте қандай әсерде болғанын ашық айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мариям Сеидова қызы босанғанда жолдасымен бірден Алматы шаһарына келіп, немересін перзентханадан шығарып алуға арнайы барған. Қуанышы қойнына сыймаған ата-ана жас жұбайлардың балалы болғанын тойлап, Қостанайдан өз қалжасын да арқалап келген. Сонымен қатар, жұлдызды әулетке қызын ұзатқан ерлі-зайыптылар сол қуанышты сәтте алғаш рет журналистерге сұхбат беруге келісімін береді.

Махаббат Мүсілімнің анасы «Алматы» арнасының тілшілерімен сұхбаттасып, жұлдызды күйеу баласына қатысты өз ойын ашық айтты. Мариям Сеидова Тәуекелмен алғаш танысқан сәтін есіне алып, оның шоу-бизнестен екенін естігенде қандай әсерде болғанын жеткізді

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Қазақстан жұлдыздары (@qaz.stars)

Ол қызының жолдасын тек жақсы қырынан танып үлгерген. Актердің енесі күйеубаласының көңілден шығып жатқанын айтып, оны жер-көкке сыйғызбай мақтады.

«Бастапқыда біз үшін бұл күтпеген жаңалық болды. Фильмдерін көргенбіз, бірақ аса қатты білмейтінбіз. Содан кейін Махаббат бізге бәрін айтып берді. Содан кейін қазақша киноларын көріп шықтық. Әрине, олар бір-бірін таңдағандарына аса қатты қуандық.

Тәуекел өте жақсы, тәрбиелі күйеубала. Енді олардың отбасы жаңа адаммен толықты. Біз өте қуаныштымыз. Бұл біздің екінші немереміз. Күйеубалам керемет» , — деді Мариям Сеидова. Махабат Мүсілімнің анасы берген сұхбаттың үзіндісі Instagram желісіндегі qaz.stars парақшасында жарияланған.

kaz.nur.kz

 

[:]