АЛТЫНОРДА
Шоу бизнес жаңалықтары

[:kz]»Телефонды тасташы». Алтынай Жорабаева туған күнін атап өтті (видео)[:]

[:kz]

Әнші Алтынай Жорабаева 43 жасқа толды. Өнер иесі әріптестері секілді дүркіретіп, қымбат тойханаға шашылмай-ақ үйінде кішігірім дастархан жайып, жақындарының арасында атап өтті, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Видеоны әнші өзі Instagram-дағы парақшасында жариялады. Бейнежазбада әншінің күйеуі Әлішер құшақ-құшақ шоқ гүлдерімен үйге кіріп келіп, жарына сыйлық тарту етіп жатқанын көруге болады. Күйеуі Алтынайға қымбат ұялы телефон алып берген. Туған күн иесі торттың бетіндегі 43 майшамды үрлеп өшірді. Қуанышты сәтті ұялы телефонына басып алған әншінің әрекеті желі қолданушыларына ұнамай қалды.

Телефонды тасташы. Бәрін телефонға түсіру не әдет ол? Алдымен сыйлық тарту еткен адамға көңіл бөлгенің дұрыс еді,

— деп жазды желі қолданушыларының бірі.

[:]