АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Теміртауда қара қар жауды: Экологтар кінәлілерді анықтап жатыр(видео)[:]

[:kz]

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындарын табиғаттың тосын құбылысынан кейін тексеруді бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы ведомство басшысы Мағзұм Мырзағалиев Twitter-де жазды.

«Экология департаменті қаланың табиғат пайдаланушыларының мәліметтерін және өндірістік кәсіпорындардың қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде қоршаған ортаға түсетін лас заттарды төмендету бойынша шараларды орындауын тексереді», — деп жазды Мирзағалиев.

Оның айтуынша, нәтижелер жұртшылыққа жария етіледі.

Қара қардың видеосы Temirtau.city паблигінде Instagram желісінде жарияланды.

 

 

[:]