АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Тең-теңімен, тезек-қабымен»: Түсіпбаева Сивимен неге жақын араласпағанын айтты[:]

[:kz]

Түсіпбаева Сиви Махмудидің байқуатты жанұядан шыққаны үшін онымен араласуды жөн көрмеген.

Эстрада жұлдызы Меруерт Түсіпбаева продюсер Сиви Махмудимен жақын араласуға марқұм Жанар Хамитова себеп болғанын айтты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Түсіпбаева Сиви Махмудидің байқуатты жанұядан шыққаны үшін онымен араласуды жөн көрмеген. Бұл туралы әнші өзінің Instagram-парақшасында жазды деп хабарлайды .

«Негізі, әр әйел жұмбақ. Әсіресе, өнердегі арулар. Кей әртістер сырт көзге, мөлдір , тұнық , қазақи көрінгенмен, жақын таныссаң, одан безіп, ешқашан көріспесек екен енді, жол сапарға бірге , құдай шығармаса екен деп тілеген кездерім де болды. Өйткені, адаммен жылдар бойы араласып, оның нақты қандай екенін, жолға шыққанда ғана аңғарасың.

Ақиқат! Биыл мен, өзім үшін, жұмбақ жан-Сивимен жақын таныстым. Бұрын, той-томалақтарда, көрісіп жүретінбіз, әрине. Сауық-сайран, баршылықта, Сивидің жанында шашбауын көтереген атақты аға-апаларымыз, замандастарымыз каптап жүретін. Шыны сол, Сивиден тартынатынмын. Құрметтеп әпке деп тұрса да, тең -теңімен, тезек-қабымен деген ойларым болатын.

Мен қарапайым отбасында өскендіктен, Сивиды түсіне алмаспын деп ойлайтынмын. Биыл бізді Жанар қосты. (иманды болсын) Сиви сияқты, мен де, адасқан, қажыған адамды демегім келді. Жанардың жаназасына барарда, неге Сиви жанына еріп баратын бір өнер адамын таппады?! Дір-дір етіп, өнердегі құрбысын жоқтап, сонау Қарқаралыда солқылдап жылаған Сивиді жұбатып, демеуге олар неге асықпады екен» , — деп жазды ол.

Еске сала кетейік, 16 қыркүйек  күні Жанар Хамитова  қайтыс болды. Желіде оның өзіне қол салғаны жайлы ақпарат тарады. Алайда өнер иесінің әкесі оны жоққа шығарды.

[:]