АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Теңгеден орыс тілі түсіп қалды: Ресей тарапы пікір білдірді[:]

[:kz]

Ресей Федерациясы СІМ-нің ақпарат және баспа департаментінің директоры Мария ЗАХАРОВА теңгеден орыс тілінің алынып қалғанына қатысты пікір білдірді. Бұл турады Жас алаш ТАСС агентігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Бұл Қазақстанның өз ішкі мәселесі. Және біз ол жақтағы орыс тілді тұрғындардың құқығына байланысты әріптестерімізбен байланыстамыз.Қазақстанда орыс тілін сақтау үшін нақты істер жасалып жатыр»,- деді РФ СІМ-нің өкілі.

Естеріңізге сала кетейік, осы уақытқа дейін екі тілде шығып келген ұлттық валюта енді тек мемлекеттік тілде ғана шығады. Бұл туралы мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ 2018 жылдың  12 желтоқсандағы жарлығында айтылған.

Фото: ТАСС

zhasalash.kz

 

[:]