АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]Тілеухандар Түркияда жүр[:]

[:kz]

 
Өткенде круизден келе жатып, Алматыға Анталья арқылы жеттік. Транзиттік рейс бір тәулік түріктің туристік қаласына аялдады. Әбден ұшарда қызымның ПТР-тестінен шикілік шығып, ұшақтан қалып қойдық. Алматыға тағы бір күн кешігіп келдік.
Әуежайдың намазханасында бір қазақ кісімен таныстық. Әңгімені өзі бастады.
— Қай жердің қазағысың-ей?
— Алматы, Нарынқол.
— Алтынбек пен Заманбектің бауыры екенсің ғой. Мен Зәкеңнің кезінде қаланың прокуроры болдым. Сосын Жармахан Тұяқбай ГСК-ны басқарғанда первый зам, Қалмырзаев финполдың төрағасы кезінде де замы, зам КНБ, Финпол академиясының ректоры болдым. Қазір зейнеткермін, генералмын, деп тоқтады.
— Аты-жөніңіз кім, аға?
— Рамазан Тілеухан.
Түрі мен фамилиясы ұқсап тұрған соң, тұспалдап:
-Бекболат ағаның қалы қалай, дей салдым.
— Ол Стамбұлда, біз Антальяда. Осы жерден үй алдым. Харлей Дэвидсоным бар, сонымен жүремін. Теңіздің ауасы рахат. Алматыдан немерем келе жатыр, соны күтіп алуға келіп ем.
Сөзінен ұққаным, Түркияға бұл да қаңтар айында көшіп кетіпті. Елдегі дүрбелеңнен соң, тайып тұрғандар сапынан ба екен, деп бір ойладым. Ал Стамбұлдағысының анау күні 15 тонна долларды ұшаққа тиеп жатқанда ұсталып қалған Племяникпен байланысы барын жалпақ жұрт біледі.
-Қазақстанға қашан қайтасыз?
— Әй, қазір қайта қоймаймын. Коронавируспен ауырып, өкпем жұмыс істемей қалды. Дәрігерлер теңіз жағасына бар, деді. Содан осындамыз, деп қойды.
Кетерде “Жол батасы”, деп қол жайдым. Обалы не керек, батаны әдемілеп береді екен ағамыз. Бетті сипап, қызым екеуміз ұшаққа тіркейтін бағытқа қарай беттедік. Фотоға түсуді ұмытыппын, кейін Гуглге салсам, мына фотосы мен Уикипедиядағы өмірбаяны шықты. Істемеген қызметі жоқ екен өзінің.
Е, мейлі! Аман болсын!
 
Ришат Асқарбекұлы.
“Адырна” ұлттық порталы

[:]