АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Тимур Құлыбаев Financial Times жариялаған мақалаға байланысты бас прокуратураға жүгінді[:]

[:kz]

 

Тимур Құлыбаев Financial Times жариялаған ақпарат бойынша ресми тексеру жүргізу үшін бас прокуратураға жүгінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

«3 желтоқсанда Financial Times газетінде жарияланған мақалаға қатысты хабарлаймыз. Тимур Құлыбаев нақты фактілермен расталмаған тұжырымдар (бекітулер), ресми түсініктемелерге қайшы келетін өзара байланысты емес субъективті қорытындылар жиынтығы болып табылатын дезинформация сипаттындағы материалдар қамтылған жарияланыммен келіспейтінін мәлімдеді. Тимур Құлыбаев осы мақалада көрсетілген мәмілелерге ешқашан тікелей немесе жанама түрде қатысқан емес. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Тимур Құлыбаев ресми жан-жақты тексеру жүргізу үшін бас прокуратураға жүгінді», — делінген жарияланымда.

 

Тимур Құлыбаев — белгілі қазақстандық бизнесмен, қоғам қайраткері, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы, Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті және «Kazenergy» мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының төрағасы.

Еске салайық, Financial Times газеті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаевтың Қытайға газ құбырын салу туралы келісімшарттардан ондаған миллион доллар алғаны туралы зерттеулер жүргізді. 

Басылым ақпарат көзінен Еуразиялық құбыр консорциумы (ЕҚК) қызметкерлерінің және Құлыбаевтың өкілдері арасындағы 2008-2014 жылдар аралығындағы хат-хабарларын алды. Құжаттарға сәйкес, консорциум Ресей мен Украинадағы зауыттарға құбыр өндірісі үшін болат бағасымен үстеме бағамен арнайы жүйе жасаған, содан кейін сол зауыттардан құбырлар сатып алған.

Келісімшарттардағы ақпаратқа сәйкес, ЕҚК болатты тоннасына 935 доллардан сатып алған, ал ресейлік Құбыр металлургиялық компаниясына (ҚМК) 1,5 мың доллардан сатқан. Басылым ЕТК үшін мәміледен түскен пайда 75 млн долларды құрағанын жазады, бірақ пайданың 70%-ын, яғни 53 млн долларды  Құлыбаев алғанын болжайды.

Айта кетейік, газет осы зерттеуі кезінде Айсұлтан Назарбаев кокаиннің артық дозалануынан қаза болғанын анықтаған.

 

[:]