АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Тіс дәрігері науқастың аузында ине қалдырып кеткен[:]

[:kz]

Қарағанды ​​қаласының тұрғыны жеке меншік стоматология мекемесіне қарсы сотқа арыз берді.

Істі қарау барысында тіс дәрігері науқастың тісін емдеп, ауруды жеңілдетіп, тіс каналдарын тазалап, оның орнына уақытша пломба толтырып қойғанын және барлық ем-дом жасалып біткен соң, рентген түсірілімін жасаған.

Дәрігердің айтуынша, емдеу сәтті аяқталған. Алайда уақытша жансыздандыру аяқталғаннан соң науқастың тісі қайта ауыра бастаған. Әйел басқа тіс емдеу клиникаларына барғанында тісі дұрыс тазаланбағанын және ішінде ине қалып қойғанын білген.

Әйел денсаулығына келтірілген зардап пен шығындар үшін 40 мың теңге көлемінде және моральдық шығын үшін 240 мың теңге алуды қарсы тараптан талап еткен.

Нәтижесінде екі тарап тап келісімге келді. Зардап шегуші әйел өз талаптарынан бас тартса, дәрігер материалдық және моральдық шығын үшін 90мың теңге (240 доллар) төлеуге міндеттелді.

 

ktk.kz

[:]