[:kz]
Португалияның 50 жастағы тұрғыны бутерброд жеген кезде кездейсоқ тіс шұқығыш жұтып қойған қайтыс болды. Бұл туралы 4 сәуір күні Іz.ru жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ол өзін жағымсыз сезінгендіктен дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Алайда дәрігерлер оған ешқандай диагноз қоя алмай, антибиотиктер жазып, үйге жіберген.
Басылым әйел дәрігерлерге екі рет жүгінгенін және тіпті психиатр тексеруінен өткен. Бірақ бес күннен кейін оның денесі жуынатын бөлмеден табылған. Оның киімі қанға малынып, басы бірнеше жерден жарақатталған.
Полиция бастапқыда әйелдің көңілдесінен күдіктенген.
Алайда кейінірек патологоанатомдар оның мойын тұсындағы терінің жасыл екенін байқаған.
Кейіннен дәрігерлер әйелдің тамағында тұрып қалған ұзындығы 3,5 см ағаш тіс шұқығышты алып шыққан.
Ағаш бұйым әйелдің жұтқыншағын екі жерден тесіп, жүрек жұмысына тікелей әсер еткен.
[:]