АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Тізерлеп құлаған соң ғана көмектескен: Әскерге барған сарбаз менингококк ауыруына шалдықты[:]

[:kz]

 

Әскерге барған сарбаз менингококк ауыруына шалдықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Отан алдындағы парызын өтеу үшін Мақаншыдағы әскери  бөлімшеге жіберілген Дамир Зекен әскерде күрделі менингококк ауыруын жұқтырып, ауруханадан бірақ шықты. Ұлттық Қауіпсіздік Қызметінде жұмыс ітеуді армандаған жігіт енді денсаулығы үшін күресіп жатыр. 19 жастағы жігіттің ауырып тұрмын деген сөзіне әскери бөлім салғырттық танытқан сыңайлы.

«Бұл әскери бөлімшенің қателігі. Оқиға жұма күні болғанымен, бізге тек сенбі күні бірақ хабарлады. Жұма күні таңертең ұлым маған хабарласып, басының ауырып жатқандығын айтты. Мен бірден емделу орталығына баруын талап еттім. Алайда, командирі ме кім екенін білмеймін еркелемей жұмысыңа бар деп кері қайтарып жіберген», — дейді Дамир Зекеннің анасы Зәуре Қарамұрзина.

Бастапқыда шекара қызметкерлері борышын өтеп жүрген сарабазға ауыру су арқылы жұққан деп болжам жасаған көрінеді. Алайда бұл дерек көп ұзамай жоққа шығарылды.

» Барлық диагноздары алғашында катаральды ангинаға ұқсас болған. Тура сол уақытта 19-да қалай лазеретке келді емдеуге әскери дәрігерлер сарбазды қабылдады. Яғни жаңағы кейбір алып-қашпа сөздерде айтылғандай оны симулянт деп атап, жібермей немесе анда жұмсап, мұндай жұмсап ондай әрекеттердің болмағандығына мен барлық жауапкершілікпен айта аламын», — деп түсіндірді ҰҚК шекара қызметінің баспасөз хатшысы Қанатбек Сұлтанов.

Ал, Дамир Зекеннің қазіргі жағдайын дәрігерлер басқаша баяндады. Сарбаз ауырып тұрғанын айтса да, жаттығу жұмыстарын жалғастырған. Артынша сұлап түсіп, қалалық ауруханаға жеткізілді.

«Науқастың шынымен де менингокок дертіне душар болғандығы анықталды. Қазіргі таңда сарбаз түрлі терапиялық ем қабылдап жатыр. Өзімен сөйлескен уақытта, шамамен 20 сағат бұрын дертке шалдыққанын сезген. Мұндай ауруға шалдыққан науқастардың емделу уақыты әртүрлі болғандықтан, нақты қай уақытта толықтай жазылатындығын айта алмаймыз», — дейді Алматы қаласы жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Тамара Отағанова.

 Stan.kz

 

[:]