АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Тізерлетіп кешірім сұратқан: Алматы облысында мұғалімдерден ұрыс естіген оқушы асылып өлді[:]

[:kz]

Алматы облысында 9-сынып оқушысы асылып қалды. Мектепте тентектік жасағаны үшін мұғалімдерден сөгіс естіген жасөспірім қорлыққа шыдамай үйіне барып асылып өлген. Өзіне қол салған Аслан Ғазизов досымен бірге өзінен кіші оқушыларға әлімжеттік жасаған көрінеді. Ұстаздарынан да осы қылығы үшін сөз естіген. Ал қайғыдан қан жұтқан Асланның ата-анасы ұлдарының өліміне мұғалімдерін кінәлап отыр, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

 

Айтуларынша, ұстаздары Асланды осы қылығы үшін жер-жебіріне жеткізіп сөккен, намысына тиетін ауыр сөздер айтып, қорлаған. Тіпті,  ұрып-соғып, басқа оқушылардың алдында тізерлетіп тұрып кешірім сұратқан дейді Асланның туыстары. Ал басқалардың көз алдында осындай қорлық көргеніне шыдамаған жасөспірім осы жағдайдан кейін үйіне барып асылып қалған.

Енді Асланның жақындары баланың өзіміне кінәлілердің жазаланғанын қалайды. Әділдік іздеген отбасы жастай солған ұлдарының өзіне қол салуына мұғалімдері кінәлі деп отыр. 

«Мектепте орын алған жағдайдан кейін сынып жетекшісі қоңырау шалып: балаңыз үйіне қатты ашулы кетті, қарап қойыңыз деді. Бірақ, менің балам қанша ашуланса мамалап келіп, бетімнен сүйетін. Оның ашуы тез тарқайды және мен ұлым ондайға барады деп ойламадым»,- дейді Асланның анасы Бақыт Сейсенбинова.

Алматы облысына қарасты Туғанбай ауылындағы бұл қайғылы жағдай 9 күн бұрын орын алған. Мектепте әлімжеттік көрсеткен Аслан Ғазизов пен оның жанындағы жолдасын мұғалімдер осы тәртіптері үшін талқыға салған. Сондай-ақ, ол жиналысқа мектепте еден жуушы болып істейтін Асланның анасыда шақырылған екен. Басында ештеңеден қауіптенбеген ана талқылаудан кейін кетіп қалған. Бірақ, бар сұмдық кейін орын алып отыр. Мектепте мұғалімдерден сөгіс алған ашулы оқушы  үйіне барып асылып өлген. Баланың асулы тұрған денесін алғаш болып әкесі көрген.

«Ұлымды қорлап, сыныптан шығарып алып тізерлетін кешірім сұратқан. Үш ұзтазы ұрысып, Алмагүл Тұртайқызы деген мұғалімі және Арай дегені бар әбден қорлап, намысына тиген»,- дейді қайғыдан қан жұтқан ана. 

Оқушының анасы атаған мұғалімдердің бірі қазір ауруханада жатқан көрінеді. Ал қалғандары ұрысқанымызбен, қолымызды тигізген емеспіз деп, ақталуда. Бір қызығы, бұл жағдай туралы мектеп басшылығы әлі дұрыс ештеңе білмейді екен. 

Бірақ, мектептегі сөгістен кейін өзіне қол салған ақкөңіл бала Асланның анасы «ұлымды өлімге итермелеген – ұстаздары» деп полиция арызданып та қойыпты. Олар кінәлі адамдар жазалансын деп, талап қойып отыр. 

 Stan.kz 

[:]