[:kz]
Шоу-бизнес өкілдері тойда халықтың көңілін көтеріп, ән салғаны үшін ақы алады. Алайда той иелерінің бәрі бірдей әншінің қолына ақша ұстата салмайды екен, деп жазады Express Qazaqstan.
Атышулы рэпер Жан Ахмадиев жақында той ақысына қой алған. Той Алматы қаласындағы қымбат мейрамханалардың бірінде өткен. Ахмадиев думанды кеште екі ән орындағаны үшін 100 мың теңге сұраған. Алайда той иесі ақша орнына қой беріпті.
Бір аптадан кейін үш қойды сойып, үйіме жеткізіп берді. Бұндай жағдай анда-санда болып тұрады. Той иесінің сол күні мейрамханаға ақшасы жетпей қалды. Әрине, түсінуге тырыстым,
Ал «Шамшырақ» тобы бір емес, бірнеше тойдан қой алып қайтқан. Тіпті оған өкінбейді. Керісінше кейде осындайды өздері ұсынатын көрінеді.
Біз өкінбейміз. Осыдан үш жыл бұрын бір тойдан бір қой алып қайтқанбыз. Кейін соны естіген басқа да той иелері бізге ақша орнына төрт түлік беретін болды. Қазақ қашан да дүркіретіп той жасаған.
[:]