АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]Тойға келген 120 адам жылқы етінен уланып қалған [:]

[:kz]

 

Қырғызстанда бір күнде 120 адам жылқы етінен уланып қалған. Олардың барлығы 10-қазан күні Созақ ауданының Бек-Абад ауылында өткен тойға барғаны белгілі болды деп жазады Sputnik Қырғызстан.

Белгілі болғандай, ауруханаға 124 адам түскен. Жалал-Абад ауданаралық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және жұқпалы аурулардың алдын алу орталығының басшысы Рома Ураимовтың айтуынша, ауылда сүндет той өткізу үшін жылқы сойылған. Жергілікті тұрғындар келесі күні дәрігерлерге қарала бастапты.

Ураимов науқастардың арасында туыстары тойдан үйге әкелген жылқы етін жегендер де бар екенін атап өтті.

16 адам ауруханаға жатқызылды, қалғандары үйде ем қабылдап жатыр. 

«Қазір науқастардың барлығы бақылауда. Ауруханаға жатқызылғандардың арасында төрт жасөспірім бар. Эпидемиологиялық тексеріс жүргізілуде», — деді орталық басшысы.

Жалал-Абад облысы ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі тойды 57 жастағы ер адам өткізгенін хабарлады. Ол 9 қазанда жылқы сойған, ал 10 күні мереке өтті. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр.

kaz.nur.kz

 

[:]