[:kz]
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті мемлекеттік органдарға тұрмысы төмен қазақстандықтарға атаулы әлеуметтік көмекті уақытылы жеткізу жұмыстарын ретке келтіруді тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Үкіметке және әкімшілікке, облыс әкімдері мен орталыққа қарайтын қалалардың әкімдерімен бірлесіп, атаулы әлеуметтік көмекті мұқтаж адамдарға уақтылы жеткізу жұмыстарын ретке келтіруді тапсырдым. Қағазбастылыққа жол берілмесін. Кінәлілер жауапқа тартылады», — деп жазды президент Twitter-де.
Еске сала кетсек, бұған дейін мәжіліс депутат Бейбіт Мамыраев көпбалалы аналар мен әлеуметтік аз қамтылған азаматтар АӘК-ге қол жеткізу үшін өтінішті рәсімдеп жүрген «Е-халық» жүйесінің сапасыз қызмет етіп, ақау орын алатынын мәлімдеген еді.
Оған жауап берген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жүйенің жұмысы қалыпты екенін айтты. Базада қажетті мәліметтердің барлығы болған жағдайда, атаулы әлеуметтік көмекті тек жеке куәлігін ұсыну арқылы алуға болады.
[:]