[:kz]
Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандық медицинаны, соның ішінде, санитарлық-эпидемиологиялық қызметті және медицина ғылымын дамытуға баса мән беру керек екенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев барлық медицина қызметкерлеріне коронавирус пандемиясына қарсы күреске қосқан үлесі үшін ризашылығын білдірді.
Одан бөлек, мемлекет басшысы медициналық бетперде мәселесіне де тоқталды.
Тоқаев халықты бетперделермен жедел қамтамасыз етуді талап етіп, еліміздің барлық азаматтарын үнемі антисептиктерді пайдалануға және бетперде тағуға шақырды.
Айта кетейік, соңғы мәлімет бойынша, Қазақстандакоронавирус жұқтырғандар саны 53 адамға жетті.
Алматы қаласында – 22, Нұр-Сұлтан қаласында – 28, Қарағанды қаласында – 2, Алматы облысында – 1.
[:]