АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Тоқаев: Ауғанстандағы қандастарымызды елге қайтару мәселесін қарастырып жатырмыз [:]

[:kz]

 

Ақорда резиденциясында он мемлекеттің жаңадан тағайындалған төтенше және өкілетті елшілерінің ел президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті. Оның барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы ахуалға байланысты қабылданған шешімдер мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.  

«Ауғанстандағы шиеленіскен мәселелерді реттеу үшін Қазақстан шетелдік серіктестерімен тізе қосып жұмыс істеп келеді. Біз, ең алдымен, сол жердегі отандастарымызды ұйымдасқан түрде эвакуациялауды қамтамасыз еттік. Енді, біз Ауғанстандағы қазақ диаспорасының мүшелерін, яғни қандастарымызды елге қайтару мәселесін қарастырып жатырмыз. Гуманитарлық ұстанымдарға сәйкес ауғанстандық 57 студенттің білім беру визаларын ұзарттық. Сонымен қатар, бортында шетел азаматтары бар ұшақтарға жанармай құю үшін транзиттік әуе дәліздері мен қону алаңдарын ұсындық. БҰҰ-ның Ауғанстан жөніндегі агенттіктерінің қашықтағы уақытша кеңсесі Алматы қаласына орналастырылды», – дейді мемлекет басшысы.

Президенттің тағы не жайлы айтқанын толығырақ сілтеме арқылы оқи аласыз.

kaz.nur.kz

 

[:]