[:kz]
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі коронавирус індетіне қарсы күрес жұмысы оңталмаса Үкімет мүшелері өз қызметтерін босатаныны туралы айтты, деп хабарлайды Caravan.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
«Алексей Владимирович сізге осынау қиын-қыстау сәтте Денсаулық сақтау министрі Үкіметтегі маңызды адам екенін айттым. Бар билік пен мүмкіндік сіздің қолыңызда. Сіз жұмысты жақсы бастап, кейін ол ақырындап сұйыла бастады. Осы сәуір айында жағдайды реттеуіңіз керек. Әйтпесе сіз таңғалдыратын кадрлық шешім қабылданады. Бұл тек денсаулық сақтау министрі емес, жалпы Үкіметке қатысты», — деді Тоқаев.
Айта кетсек, елордада Мемлекет басшысының төрағалығымен еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөніндегі кеңес өтіп жатыр.
Аталған іс-шарада COVID-19 індетіне шалдыққан азаматтардың көбеюіне байланысты еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға бағытталған кешенді шаралар, сондай-ақ, халыққа вакцина салу мәселесі қарастырылуда.
Жиынға орталық мемлекеттік органдардың басшылары мен аймақ әкімдері қатысып жатыр.
[:]