[:kz]
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді бүгінгі жеңісімен құттықтады. Мемлекет басшысы өзінің Twitter парақшасында GGG-ге қатысты жазба жариялаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
![Фото: Sputnik Қазақстан/AP Photo / Frank Franklin II. Коллаж: KAZ.NUR.KZ Фото: Sputnik Қазақстан/AP Photo / Frank Franklin II. Коллаж: KAZ.NUR.KZ](https://netstorage-nur.akamaized.net/images/9782318c90d0175b.jpg?imwidth=900)
Оған қоса, президент Қазақстан тұрғындары өз чемпионын мақтан тұтатынын жеткізді.
Айта кетейік, Геннадий Головкин Стив Роллсты төртінші раундта нокаутқа жіберіп, жеңіп кетті. Отандасымыздың канадалық боксшыны құлатқан сәтінің видеосы желіде тарап кетті.
Оған қоса, GGG-Роллс андеркардында тағы екі қазақстандық боксшы жұдырықтасты. Әли Ахмедов өз жекпе-жегін уақытынан бұрын аяқтаса,Бахтияр Эюбов қарсыласынан жеңіліп қалды.
[:]