[:kz]
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Мысыр Араб Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісіне сөгіс жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілері әдеп кодексінің 9-тармағының талаптарын сақтамағаны үшін Қазақстанның Мысыр Араб Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Қайырбекұлы Лама Шарифке сөгіс жариялады», — делінген Президеттің баспасөз қызметі хабарламасында.
Еске салайық, Қайрат Лама Шариф 2020 жылы қыркүйекте Қазақстанның Мысырдағы елшісі болып тағайындалған болатын.
[:]